Маңғыстау облысының қаржы органдарының құрылу тарихы


12.06.1920 жылы Адай уезі құрылды.Сонымен қатар уездік ұйымдар, оның ішінде Адай уездік қаржы бөлімі де құрылды.

Қаржы бөлімі Кеңес үкіметінің қаржылық саясатының жүзеге асырылуын қамтамасыз етті және уездің қаржы ұйымдарына жалпы басшылық жасады. Қаржы бөліміне қаржы ресурстарын жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге жұмылдыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға, уездік бюджеттің атқарылуына және уезде өткізілетін іс-шараларды қаражатпен қамтамасыз етуге жауапкершілік артылды.

Адай уездік қаржы бөлімі жұмысшы және шаруа депутаттар Кеңесінің Адай революциялық комитетіне, ҚССР Қаржы Наркоматына қарады.

1927 жылы Уездік қаржы бөлімінің құрамында келесі бөлімшелер қызмет етті:

1. жалпы

2. салықтық

3. кіріс-шығыс кассасы

4. жергілікті қаржы

5. мемлекеттік қаржы бақылау

Бұлардан басқа, қаржы бөлімінің қарауында 2 салықтық инспекторлық учаске: Форт-Александровск қаласында, Ұйыл поселкесінде және Адай орталық еңбек жинақ кассасы болды.

Қаржы бөліміне келесі міндеттер жүктелді:

  1. Барлық салықтарды жинау және олардың жиналуына жалпы бақылау жүргізу;
  2. Жергілікті бюджет бойынша кірістер және шығыстар сметаларын жасау;
  3. Уездік ұйымдардың бюджетті атқаруын бақылау.

Салық салу саласында осы жұмысқа жалпы басшылық жасау мақсатында Адай уездік қаржы бөлімі техникалық кеңестер өткізіп тұрған.

Аталған кеңестерді ұйымдастыру мақсаты: бөлім қызметкерлерінің іскерлік ой өрісін кеңейту, олардың бастамашылығы мен белсенділігін арттыру, жаңа жұмыс әдісін шығару және салық аппаратын жетілдіру болып табылады.

Жергілікті жерлерде салық салуды салық учаскелері бойынша 2 инспектор, орталықта Адай уездік қаржы бөлімінің салық бөлімшесі жүзеге асырған.

Адай уездік қаржы бөлімін Маклецов, Килибаев, Акджанов, Малых, Бермухамедовтер басқарған.

1927 жылдың 27 маусымында Адай уездітаратылды. Осыған байланысты өз қызметін уездік ұйымдар да, оның ішінде Адай уездік қаржы бөлімі де тоқтатты.

1927 жылдың 28 маусымында Адай округінің құрылуына байланысты, Адай округтік жұмысшы, шаруа және қызыл әскерлер депутаттары Кеңесінің атқарушы комитетінің құқығында қаржы бөлімі де құрылды. 

1927 жылы Адай округтік қаржы бөлімінің құрамына:

1. жалпы бөлім

2. салық бөлімшесі

3. жергілікті қаржы бөлімшесі

4. бақылау-есеп бөлімі

5. бухгалтерия кірді.

01.01.1928 жылдан бастап Қазақ ССР-нің қаржы органдарының құрылымдық бөлінуін түбегейлі жою, орындаушының әкімшіге неғұрлым жақындауы және қаржы аппаратын қысқарту мақсатында, ерекше жағдай негізінде қызмет ететін бақылаудан басқа барлық бөлімшелер таратылды. Бөлімшелердің орнына топтық бөлімдер енгізіледі:

- бюджеттіктоп

- салықтық топ

- салықтық емес топ

- валюталық топ

- секретариат

            Қаржы инспекциясы қаржы органдарының меңгерушісіне қарайды. Оның  функциясына қаржы аппаратын және оның ұйымдарын зерттеу және бағалау, қаржы органдарын бағыттау және тексеру кіреді.

            1929 жылдың 10 сәуірінде Адай округітаратылды, оған байланысты қаржы бөлімі де таратылды.

 

            1963 жылдың 10 желтоқсанында Ақтау жұмыс поселкесінің базасында Ақтау қаласы құрылды.

            1964 жылғы 25 наурыздағы Ақтау қалалық жұмысшы депутаттар Кеңесінің бірінші шақырылуының бірінші сессиясында атқарушы комитеттің мүшелері сайланды және атқарушы комитеттің бөлім меңгерушілері, оның ішінде қаржы бөлімінің меңгерушісі де бекітілді.

            Қаржы бөлімі қызмет мәселелері бойынша Гурьев облыстық қаржы бөліміне, аумақтық белгісі бойыншажұмысшы депутаттар Кеңесінің атқарушы комитетіне қарайды.  Ақтау қаласының Шевченко қаласына өзгеруіне байланысты 01.07.1964 жылдан бастап қаржы бөлімі Шевченко қалалық депутаттар кеңесінің атқарушы комитетіне қарайды.

            Қалалық қаржы бөлімінің алғашқы меңгерушісі Губашев Хабижан Бақтығалиұлы. 

            Маңғышлақ облыстық депутаттар кеңесінің атқарушы комитетінің қаржы бөлімі, Маңғышлақ облысының құрылуына байланысты, 20.05.1973 жылы ҚазССР-нің Министрлер кеңесіің 25.04.1973 жылғы № 228 қаулысының негізінде құрылған. Облыстық қаржы бөлімі құрылған сәтінен бастап Қаржы министрлігіне бағынады.

            Меңгерушілері: А.И.Пак (1973-1988), А.Құдайбергенов, В.Н.Киселева, С.Шаметова, Ж.Сарсенқұлов, Х.Х.Нұрғалиева, М.Б.Альбекова.

Қаржы қызметі өз жолында мемлекеттік саясатқа, жаңа функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес бірнеше рет қайта құрылған және қайта ұйымдастырылған.

1973-1977жж.         Маңғышлақ облыстық депутаттар кеңесінің атқарушы комитетінің қаржы бөлімі, Шевченко қаласы

1977-1988 жж.        Маңғышлақ облыстық халықтық депутаттар кеңесінің атқарушы комитетінің қаржы бөлімі, Шевченко қаласы

1990-1991 жж.        Маңғыстау облыстық халықтық депутаттар кеңесінің атқарушы комитетінің қаржы бөлімі, Шевченко қаласы

1991-1992 жж.        Маңғыстау облыстық халықтық депутаттар кеңесінің атқарушы комитетінің қаржы басқармасы, Шевченко қаласы

1992-2004 жж.        Маңғыстау облыстық әкімшілігінің қаржы басқармасы, Ақтау қаласы

2005-2008 жж.        Маңғыстау облысының қаржы департаменті, Ақтау қаласы

2008 ж.                 Маңғыстау облысының қаржы басқармасы