САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗІЛЕТІНДІГІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА


САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗІЛЕТІНДІГІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Маңғыстау облысының қаржы басқармасы

облыстық коммуналдық меншiктегі объектiлердi сату бойынша сауда-саттықтарды өткiзу туралы хабарлайды.

Облыстық коммуналдық меншiктегі объектiлердi сату Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендiру объектiлерін сату қағидасына (өзгерістер және толықтырулармен,бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

Аукцион 2016 жылғы 20 қыркүйекте Астана қаласының уақыты бойынша сағат 1100-ден 1700-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнiң веб-порталында (бұдан әрі-тізілім) өткізіледі.

Лот №

Ұйымның атауы

Ұйымның орналасу жері

Қызмет түрі

Сатылатын қатысу үлесінің жарғылық капиталдан % мөлшері

Бастапқы бағасы, теңге

Ең төменгі бағасы, теңге

Кепілдік жарнасы, теңге

Сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісі бойынша аукцион:

1

"Ақтау тренинг орталығы" ЖШС-і

Ақтау қаласы, 3 б шағын аудан,    № 20 үй

Техникалық және кәсіби білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсету және техникалық қызмет көрсету еңбек мамандарын кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын кәсіптік оқыту, өндірістік қызмет, консалтинг, маркетинг қызметтерін көрсету, бизнес-жоспарларды, ТЭН және ЖСҚ жасақтау.

24,47

71 156 000

-

10 673 400

Аукционға қатысушыларды тiркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион өткізуге дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Аукционға қатысушы үшін кепілді жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында бірыңғай операторы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ (бұдан әрі – бірыңғай оператор) реквизиттеріне төленеді: БСН 050540004455, ЖСК KZ529261501102032004, БСК KZKOKZKX, банк атауы: «Казкоммерцбанк» АҚ, ТТК 171, БеК 16, төлемнің белгіленуі - аукционға қатысу үшін кепілдік жарна (кепілді жарна мөлшеріне банк қызметінің төлемі кірмейді).

Қатысушыларға кепілді жарнаның кез келген санын енгізуге жол беріледі, бұл ретте кепілді жарна қатысушыға ол бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді.

Сатушының келісімімен, «Ақтау тренинг орталығы» ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысуы бар үлесі жекешелендіру объектісі бойынша құнын бөліп-бөліп төлеу ықтимал.

Аукционға қатысу үшiн мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1)          жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

2)          заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

3)          кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелері;

4)          байланыс деректері (пошталық мекен-жайы, телефоны, факс, е-mail);

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.

Назар аударыңыз! Қатысушының осы хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ-мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

Аукционды өткізу тәртібі.

Сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісі бойынша:

1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;

2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

         Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

         Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға көтеруді кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.

Сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі бойынша:

         1) егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;

         2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.

         Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету аукционының жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;

         3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады.

         Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады.

Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттарды:

1)          жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың;

мемлекетке тиесілі акцияларды сату кезінде – қатысушының акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен (хабарламаның жариялану сәтінде) үзінді-көшірменің түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Маңғыстау облысы қаржы басқармасының орналасқан жері: Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй, облыстық әкімдік ғимараты, 219-бөлме.

Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратпен www.gosreestr.kz сайтында қарауға болады немесе 8 (7292) 31-57-41 телефоны арқылы алуға болады.