Хабарландыру


Маңғыстау облысының қаржы басқармасы Қазақстанда антитеррорлық "110" қауырт желісі ашылғанын хабарлайды. 

Егер де сізге жоспарланып жатырған террорлық акт қаупі белгілі болған жағдайда, радикалды көзқарастағы тұлғалар тарапынан иландыру, қатарларына тарту қадамдары орын алса немесе өзге адамдарға аталған әрекеттер жасалып жатқанына куәгер болсаңыз, сонымен қатар кімде-кім терроризм мен діни экстремизмді насихаттайтын әдебиет пен ақпарат таратқаны туралы хабардар болсаңыз, шұғыл түрде «110» нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз.

Сіздің қоңырау шалғаныңыз – қатердің алдын алу үшін маңызды!