Іздеу
Версия для слабовидящих
Кері байланыс

«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» ММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру


Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ

 біліктілік талаптары:

 D-О-4 санаты үшін: жоғары білім;  мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі қажет емес.

 Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық жалақысы 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

D-О-4

83 282

112 430

 

«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма), 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, 1 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7292) 31-44-21, факс 8(7292)43-81-16, (электрондық почта: a.mukash@mangystau.gov.kz) Сайт: www.fin.mangystau.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

 1. Мүлікті жалға беру бөлімінің мүлікті жалға беру мәселесі бойынша бас маман, санаты  D-O-4, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру, коммуналдық меншік объектілерін жалға беру шарттарына сәйкес жалға алушылардың міндеттемелерін орындау мәселесі бойынша тексеруді жүзеге асыру, және де өз құзырының шегінде басқа да шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау. Мүліктік жалдауға берілетін объектілерді мүлікті жалға беру туралы мәліметтер тізімінде-веб порталда орналастыруды қамтамасыз ету және мүліктік жалдау шартын рәсімдеу және тізімінде тіркеуін қамту. Объектілерді тендер өткізу арқылы мүлікті жалдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Облыстың коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға беру шарттарын сақтауға, коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға беруден қаражаттың түсуіне бақылауды жүзеге асыру.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары -  құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару).

 2. Заңды тұлғалармен жұмыс жасау бөлімінің заңды тұлғалардың ҚШҚ мониторингісі бойынша бас маманы, санаты D-O- 4, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерін тапсыруын қамтамасыз ету, оның мониторингін жүргізу, кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар жасақтау. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне, облыс әкімдігіне жиынтық ақпараттар мен есептерді уақтылы және сапалы тапсыру бойынша жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру. Мемлекеттік заңды тұлғалардың бөлім қызметінің функционалдық бағыттарының мәселелері бойынша қажетті материалдарды тапсыруының сапасы мен мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру.

Жарғылық капиталында мемлекет қатысуы бар АҚ, ЖШС қызметтерін бақылау және мониторинг жасау. АҚ,ЖШС қызметінде мемлекеттік қатысу үлесін қорғау. Олардың қаржы-шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар жасақтау және шаралар қолдану. Акциялардың мемлекеттік пакетіне және таза табыс үлесіне дивидендтердің уақтылы есептелуін және аударылуын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары - құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика,  мемлекеттік және жергілікті басқару,есеп және аудит, қаржы.)

 3. Бюджеттік бөлімінің денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдарына жетекшілік ететін бас маман (негізгі қызметкердің 2019 жылғы 30 маусымға дейін бала күту демалысы кезеңіне) (D-O-4) санаты – 1 бірлік 

Функционалдық міндеттері: Облыс бюджетінің денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлігінде орындалысына байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету. «Қаржыландыру жоспарларын құру және нақтылау. Жергілікті бюджет» бағдарламасына денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету мемлекеттік мекемелерінің жеке қаржыландыру жоспарларын енгізу. Жылдық және айлық тағайындаулардың өзгерістері туралы анықтамалар негізінде бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) кесімінде бюджеттің орындалысы бойынша белгіленген тәртіпте енгізілген өзгерістерді есепке алу. Қарасты ұйымдар бойынша шығыстардың дұрыс және экономикалық негізделген орындалысын қамтамасыз ету. Облыстық бюджеттің және аудандар мен қалалар бюджеттерінің қарасты мекемелер бойынша жүйе, штат және құрамын талдау. Облыстық (аудандық, қалалық) бюджеттердің орындалуы бойынша жылдық, тоқсандық және айлық есептерін тексеру және талдау.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика,  есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы)

 4. Мүлікті басқару бойынша бөлімінің мүлікті басқару мәселесі бойынша бас маман (негізгі қызметкердің 2019 жылғы 30 маусымға дейін бала күту демалысы кезеңіне) (D-O-4) санаты – 1 бірлік. 

Функционалдық міндеттері: Мүлікті басқару мәселелерін жүзеге асыру. Мүлікті коммуналдық меншікке қабылдау, мүлікті мемлекеттік ұйымдарға бекіту, мемлекеттік ұйымдардың мүліктерін аудандар мен қалалар арасында алу-беру. Облыстың мемлекеттік ұйымдарының негізгі құралдарын және аудандар мен қалалардың жылжымайтын мүлік объектілерін есептен шығару. Облыстың мемлекеттік ұйымдарының мүліктерін тиімді басқаруға кешенді талдау жасау. 

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары -  құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару)

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс. 

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін  бір жұмыс күн         бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Бiлiмi туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Маңғыстау облыстық қаржы басқармасында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облыстық қаржы басқармасы басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады. 

   Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.