Іздеу
Версия для слабовидящих
Кері байланыс

Бос орындар


«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 

Д-О-4 санаты санаты үшін: жоғары білім;   мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық,ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 

 

min

max

Д-О-4

83 282

112 430

 

 

 

 

 

 

«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма), 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, 1 үй, анықтама үшін телефондар: 8/7292/314421, факс 8/7292/438116, (электрондық почта: m.erbolatkyzy@mangystau.gov.kz) Сайт: www.fin.mangystau.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

 

1.Трансферттерді есепке алу және мониторинг бойынша бөлімінің трансферттердің мониторингі бойынша бас маманы, санаты Д-О-4, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Аудандар мен қалалар бойынша нысаналы трансферттердің уақтылы орындалуын бақылау, төменгі бюджеттердің сәйкес кодтары бойынша уақтылы аударылуын бақылау. «Бюджеттік процестің мониторингі. Нысаналы трансферттерді игеру» шоғырланған ақпараттық жүйесінде трансферттердің игерілуі туралы есепті жүргізу және құру және оны ҚР Қаржы министрлігіне белгіленген мерзімде уақытында тапсырылуын қамтамасыз ету. Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген трансферттердің мақсатты пайдалаылуын бақылауды қамтамасыз ету. Жиынтық қаржыландыру жоспарына белгіленген тәртіпте енгізілетін трансферттер бойынша өзгерістерді есепке алу және қаржыландыру жоспарларын негізделген есептерін қоса отырып, тексеру. Бүкіл облыс бойынша және аудандар мен қалалар кесімінде ағымдық трансферттер мен даму трансферттерін игеру бойынша есепке алу. ЕБК кодтары бойынша нысаналы трансферттердің дұрыс көрсетілуін бақылауды жүзеге асыру. Жоғары орталық атқару органдарына республикалық бюджеттің нысаналы трансферттерінің игерілу мониторингі бойынша апталық, айлық ақпараттарын жинақтау және тапсыруды қамтамасыз ету. Республикалық селекторлық кеңестерге, ай сайынға аппарат кеңестеріне ақпарат дайындау. ББӘ, аудандар мен қалалардың республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерін игеруі бойынша жылдық және тоқсандық есептерін тексеру және талдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика,  есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы,).

 

 2. Бюджеттік бөлімнің Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдарына жетекшілік ететін бас маманы санаты Д-0-4, 1 бірлік   

Функционалдық міндеттері: Облыс бюджетінің денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлігінде орындалысына байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету. «Қаржыландыру жоспарларын құру және нақтылау. Жергілікті бюджет» бағдарламасына денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету мемлекеттік мекемелерінің жеке қаржыландыру жоспарларын енгізу. Жылдық және айлық тағайындаулардың өзгерістері туралы анықтамалар негізінде бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) кесімінде бюджеттің орындалысы бойынша белгіленген тәртіпте енгізілген өзгерістерді есепке алу. Қарасты ұйымдар бойынша шығыстардың дұрыс және экономикалық негізделген орындалысын қамтамасыз ету. Облыстық бюджеттің және аудандар мен қалалар бюджеттерінің қарасты мекемелер бойынша жүйе, штат және құрамын талдау. Облыстық (аудандық, қалалық) бюджеттердің орындалуы бойынша жылдық, тоқсандық және айлық есептерін тексеру және талдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика,  есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы). 

 

  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш; 
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім 

Маңғыстау облысының қаржы басқармасының және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс. 

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысының қаржы басқармасында өтеді өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысының қаржы басқармасы басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

  Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.