Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы


2015 жылдың қыркүйегінде ҚР Үкіметі жаңам жолдарды ескере отырып, жаңа, айтарлықтай ауқымды жекешелендіруді бастау жоспары туралы жариялағаны белгілі. Осылайша, 2015 жылдың 30 желтоқсанында ҚР Үкіметінің қаулысымен жаңа 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілген болатын.

Осы жолғы жекешелендіру енді нарықтық экономиканың негіздерін бекіту мақсатында жүзеге асырылып отыр және бұл бағдарламаның негізгі мәні – елдің жеке меншік бизнесін алдағы уақыттағы дамуына серпін беру.

2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес Маңғыстау облысында коммуналдық меншігіндегі 15 ұйымды (11 облыстық және 4 аудандық коммуналдық меншік ұйымдары) жекешелендіру қарастырылған.

Үкімет тапсырмасын орындау мақсатында  ағымдағы жылдың маусым айында мемлекеттік мүлік реестрі веб-порталының электрондық сауда-саттық алаңында көгалдандыру мен абаттандыру саласында өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыратын «Жасыл әлем Маңғыстау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100 % мемлекеттік қатысуы бар үлесі сатылған болатын.

Сонымен бірге, 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айында электронды сауда-саттыққа келесілерді шығару көзделуді:

«Ақтау тренинг орталығы» ЖШС (24,47 % мемлекеттің қатысу үлесі) техникалық және кәсіби білім беру мен техникалық және қызмет көрсететін еңбек жұмысшылары мен мамандарының кәсіби дайындығын, қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды қамтитын кәсіби оқыту, консалтингтік, маркетингтік қызмет көрсету, бизнес-жоспарларды, ТЭН мен ЖСҚ әзірлеу саласында қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізеді;

«Маңғыстау облыстық ат спорты түрлерінің клубы» ЖШС (100 % мемлекеттің қатысу үлесі) облыстың қалалары мен аудандарында ат спорты түрлерінің дамуымен, оқу-жаттығу процессін ұйымдастырумен, әртүрлі деңгейдегі спорттық шараларды жүргізумен айналысады;

«Маңғыстауагросервис» ЖШС (100 % мемлекеттің қатысу үлесі) Маңғыстау облысының қожалық шаруашылықтары мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне лизингке беру үшін ауыл шаруашылық жануарлары мен техникаларын сатып алуды жүзеге асырады.

Жекешелендіру объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады және Сауда-саттық мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында ортақ электрондық сауда алаңында жария түрде жүргізіледі.

Осыған орай, Маңғыстау облысының қаржы басқармасы бизнес-қоғамдастықты және біздің аймақ экономикасының шикізаттық емес секторының дамуына қызығушылығы бар адамдарды жекешелендірудің осы үрдісіне қатысу мүмкіндігін пайдалануға шақырады. Біз өзіміздің тарапымыздан жекешелендірілетін объектілер бойынша қызығушылық білдіретін барлық ақпараттарды ұсынуға дайынбыз.

Жекешелендіру туралы толығырақ ақпаратты сіз Маңғыстау облысының қаржы басқармасының веб-сайтында http://fin.mangystau.gov.kz, Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz және 315741, 434935 телефондары арқылы біле аласыңыз.