Іздеу
Версия для слабовидящих
Кері байланыс

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІ ТУРАЛЫ


<span style="font-size: 14.0pt; font-family: "Arial",sans-serif;">2017 жылғы 7 желтоқсанда Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен кеңес өтіп, онда 2017 жылғы 11 айдағы бюджет қаражатының игерілуі мен 2018 жылға міндеттер мәселелері талқыланды.</span>

Жиналысқа аудан және қала әкімдері селектор режимінде, облыс басқармаларының басшылары және «Каспий» ӘКК ҰК» АҚ мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ МОФ өкілдері қатысты.

Бюджет қаражатының игерілуі, соның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуі туралы облыстық қаржы басқармасының басшысы Марина Альбекова баяндады.

<!--[if !supportLists]--><span style="font-size: 14.0pt; font-family: "Arial",sans-serif; mso-fareast-font-family: Arial;">-<span style="font-variant-numeric: normal; font-variant-east-asian: normal; font-stretch: normal; font-size: 7pt; line-height: normal; font-family: "Times New Roman";">      </span></span><!--[endif]--><span style="font-size: 14.0pt; font-family: "Arial",sans-serif;">2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша облыстық бюджет кірістерінің жоспары, жылдық жоспарға 88,7% атқарылды. Бұл -республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 5,3% құрады.</span>

2017 жылғы 1 желтоқсан жағдайына облыс бюджетінің шығыстары жылдық жоспарға - 82,5% атқарылды, оның ішінде жергілікті бюджет -87,6%, нысаналы трансферттер - 63,7%. Өткен жылдың тиісті кезеңіне 84,6% құрады, оның ішінде жергілікті бюджет - 85,6%, нысаналы трансферттер - 82,2%, - деп атап өтті басқарма басшысы Марина Альбекова.

- Қала мен аудан әкімдіктері мен облыс басқармалары алдына бөлінген бюджет қаражаты тиімді әрі сапалы игеру міндеті қойылсын, Мұнайлы ауданының әкіміне Маңғыстау ауылындағы тұрғын үйді сату мәселесі бойынша төлем қабілеттілігі жоғары қатысушыларды тарту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында жұмысты жандандыру жұмыстарын күшейту, - деп тапсырды Маңғыстау облысының әкімі ЕралыТоғжанов.

Сонымен қатар, өңір басшысы «Каспий» ӘКК ҰК» АҚ Басқарма Төрағасына «Аққу» шағын ауданы 1-кезеңінің тұрғын үйлерін пайдалануға беру бойынша шара қабылдауды, және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ МОФ бірлесіп 33 шағынаудандағы «Аққу» тұрғын үйлерінің пәтерлерін сату мәселесі бойынша тиісті рәсімдерді бастауды тапсырды.