«Агророст» ҚБ-мен кездесуі


Маңғыстау облысының қаржы басқармасы ағымдағы жылдың 20-ші желтоқсан күні облыс әкімінің орынбасары Ш.Илмұханбетованың торағалығымен «Агророст» қоғамдық бірлестігімен кездесу өткізді. Бірлестік 18 жыл жұмыс жасап келеді, осы уақыт ішінде көптеген жобаларды жүзеге асырған, оның бірі табысты енгізу болып табылған-тамшылатып суару. Бірлестік президенті Жайынбаева Нурсауле Айсагалиқызы өсімдік шаруашылығы саласындағы 25 жыл тәжірибесі бар сарапшы.

Талқыланған мәселе АӨК саласындағы кадрларды оқыту орталығын құру. Орталықты құру облыс бойынша ауылдық тауар өндірушілердің жаңа заманауи агротехнологиялар бойынша білім деңгейін, тәжірибесін арттыруға ықпал етеді. Бұл жобада ең басты назар заманаи технологиялар саласындағы алынған білім селолық тауар өндірушілердің нақты қажеттіліктеріне және жедел дамуындағы АӨК міндеттеріне жауап беруі.

Кездесуде жоба талқыланып, жобаны іске асыру мақсатында жергілікті аткарушы органдарға тиісті тапсырмалар берілді.