Іздеу
Версия для слабовидящих
Кері байланыс

«2018 жылға мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама» атты тақырыбына семинар


2018 жылғы 22-23 қаңтарда «Ел-Мұра» оқу орталығында «2018 жылға мемлекеттік сатып алулар заңнамасы» атты тақырыбында семинар өткізілді.

         Семинарға жергілікті атқарушы органдардың және оған бағынысты ұйымдардың заңгерлері мен сатып алулар бойынша мамандары қатысты. Қатысушылар 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алулар заңнамасына енгізілген келесі өзгерістермен танысты:

- әлеуетті қатысушылардың материалдық және еңбек ресурстарын растау талаптарына өзгерістер;

- кейбір жұмыс түрлеріне (ағымдағы жөндеу) демпингтік бағаны  анықтау тәртібіндегі өзгерістер;

- конкурс пен аукцион тәртібі бойынша сатып алуларға қатысу үшін әлеуетті қатысушының жұмыс тәжірибесі бар болуына өлшемдер;

- конкурстық құжаттаманың 5 қосымшасына (Жұмыстарды сатып алудағы біліктілігі туралы мәліметтер) және конкурстық құжаттаманың 6 қосымшасына (Қызметтерді сатып алудағы біліктілігі туралы мәліметтер) өзгерістер;

- Қағидалардың – 8,19,20,21,22-1,22-2,22-3 Қосымшаларына өзгерістер.

Семинар соңында барлық тыңдаушыларға тиісті сертификаттар табысталды.