Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің төртінші деңгейін ендіру және қызметін жүзеге асыру шеңберінде ауылдық округтерде көшпелі кеңестер өткізілді


Жыл басынан бері жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің 4-ші деңгейін тиімді ендіру және қызметін жүзеге асыру мақсатында Маңғыстау облысының қаржы басқармасы қызметкерлері жақын ауылдық округтерге көшпелі кеңестер өткізді.

Сапарлардың негізгі мақсаты ауылдық округ әкімдері аппараттарының мамандарына жергілікті бюджеттің 4-ші деңгейін іске асыруда білікті көмек көрсету болып табылады.

Барулар барысында мамандар өздеріне қажет сұрақтарға толық түсініктемелер мен кеңестер ала алды, оның ішінде түсімдердің және шығыстарды қаржыландыру бойынша жеке жоспарларды уақытылы дұрыс жасақтау және бекіту, сонымен қатар бюджеттік өтінімдер. Сондай-ақ, бюджеттік қаржыландыруға қатысты бағдарламалық өнімдердің жұмыс істеуі, салықтық және салықтық емес кірістерді дерекқорға енгізу, басқа ақпараттық жүйелермен интеграциялау тексерілді.