Іздеу
Версия для слабовидящих
Кері байланыс

Облыс әкімшілігінде облыс әкімі Е.Л. Тоғжановтың басшылығымен апта сайынғы аппараттық кеңес өтті.


2018 жылғы 1 наурызда Маңғыстау облысы әкімінің қатысуымен өткен аппараттық кеңте Маңғыстау облысы жергілікті бюджетінің кіріс бөлігінің орындалысы туралы Маңғыстау облысы қаржы басқармасының басшысы Марина Альбекова мәлімдеді.

2018 жылғы 1 наурыз жағдайына облыстың жергілікті бюджетінің кіріс түсімі 27 692 млн.теңгені құрады немесе есепті кезеңнің жоспарының 123% -ы (жоспар 22,561 млн.теңге). 2017 жылдың сәйкес кезеңінде түсім 22 976 млн.теңге немесе өсім 4 692 млн.теңге құрады (ЖТС - 1 469,3 млн.теңге, әлеуметтік салық - 1 382 млн.теңге, эмиссия үшін төлем - 486 млн.теңге, мемлекеттік баж - 234,1 млн.теңге, жеке тұлғалардың мүлік салығы - 18 млн.теңге).

Жергілікті бюджет түсімдерінің бақылауын күшейту мақсатында ЖТС мен әлеуметтік салық, көліктік салық, мүлік салығы, ІІД органдарымен алынатын әкімшілік айыппұлдардың жоспарын орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде,- деп мәлімдеді Марина Альбекова.

Тыңдаулардың нәтижесінде, облыс әкімі облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармаларына, қалалар мен аудандардың, ауылдық округтердің әкімдеріне ауылдық округтерде төртінші деңгейдегі бюджеттердің толық көлемде іске асырылуын, қолданыстағы ақпараттық жүйелермен интеграциялануын, барлық мүлікті есепке алуды және салықтарды жинауды қамтамасыз ету қажеттілігі бойынша тапсырма берді.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Ішкі істер департаментіне әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу үшін жауапты бөлімшелердің жұмысын күшейтуді тапсырды.