Іздеу
Версия для слабовидящих
Кері байланыс

«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мeкeмeci туралы ЕРЕЖЕ


Қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2018 жылғы «14» мамырдағы

№ 93 қаулысымен бекітілген

«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы»

мемлекеттiк мeкeмeci туралы

ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстың коммуналдық мүлкін басқару және бюджетті орындау, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепті және есеп беруді жүргізу салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының 1995 жылғы30 тамыздағы Конституциясына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі, Қазақстан Републикасының2017 жылғы 5 желтоқсандағы Салық кодексі, Қазақстан Республикасының2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 ғимарат.

9. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Управление финансов Мангистауской области».

10. Осы Ереже «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. Ережеге түзетулер және толықтыруларды енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен жүзеге асырылады.

11. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қаржы және облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

14. Міндеттері: бюджеттік саясатты іске асыруға, бухгалтерлік есепті, мемлекеттік қаржының бухгалтерлік есебін орындау, жүргізу, жергілікті бюджеттің және өз құзыретінің шегінде, аудандар мен қалалар бюджеттерінің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті жасау, салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік несиелеу саласында мемлекеттік реттеу, ішкі қаржылық бақылауды жүзеге асыру, мемлекет мүддесінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару болып табылады.

15. Функциялары:

1) бюджеттің атқарылуы, қаржылық және бюджеттік есептілік, облыстық коммуналдық мүлікті басқару, мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;

2) жергілікті бюджеттің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік саласындағы әдіснамалық басшылық жасау және деңгейаралық үйлестіру;

3)жергілікті бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;

4)облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге ақылы қызметтер, демеушiлік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыруына қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын ашу үшiн, қазынашылықтың аумақтық бөлiмшелеріне қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын ашуға өтінім беру;

5) жоғарғы тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджеттік түсімдер сыныптамасының тиiстi коды арқылы жоғарғы тұрған бюджет резервінен алған пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды жүзеге асыру;

6) жергiлiктi атқарушы органның мақсатқа сай емес пайдаланған бюджеттiк несие және/немесе бюджеттiк несие сомасы бойынша берешек сомасын өндіріп алу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;

7) өз құзыретінің шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

8) аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында, облыстық маңызы бараудандар,қалалардыңжергіліктіатқарушыоргандарының,олардың құзыретіне кіретін мәселелері бойынша жұмысын үйлестіру;

9) облыстық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

10) облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендiру бойынша сауда-саттық өткiзу туралы хабарды жариялау үшiн мерзімді баспа басылымын анықтау бойынша Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңына сәйкес конкурс өткiзу;

11) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру жәнетарату, сондай-ақ акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару мәселелеріне келісім беру;

12) жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдардың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарау және келісу;

13) жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдардардың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;

14) облыстық коммуналдық мүліктерді облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту;

15) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін құруына келісім беру;

16) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге беруді қамтамасыз ету мәселелерін келісу;

17) акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттерін және жарғылық капиталында тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органның қатысуы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді иелену және пайдалану құқығын беру мәселелерін келісу;

18) акционерлік қоғамның акцияларын және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлесін облыстық коммуналдық меншік құрамына сатып алу бойынша жұмыс жүргізу;

19) Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 1 наурыздағы«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 10-шы бабымен қаралған жағдайлар мен тәртіпте облыстық коммуналдық мүлікті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлік деңгейіне беру бойынша жұмыс жүргізу;

20)облыс әкімінің қолдаухаты негізінде республикалық меншіктен қабылданған облыстық коммуналдық, мүлікті ауданның облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы шешімдер қабылдау;

21) сыйга тарту шарты бойынша берілетін мүлікті мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардан облыстық коммуналдық меншікке қабылдауды жүзеге асыру;

22) тарих және мәдениет ескерткіштерін меншік иесінен алып қою туралы талап-арызбен сотқа жүгіну бойынша жұмыстарды жүргізу;

23) облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы келісу;

24) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-тарауында белгіленгентабиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау бойынша мәселелерді келісу;

25) облыстық коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;

26) облыстық коммуналдық мүлікті есепке алудыұйымдастыру,оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

27) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүлікті кешен ретінде кәсіпорындарды, мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына және жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің үлесін жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру үдерісін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

28) облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру;

29) жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік кешен ретінде облыстық коммуналдық кәсіпорындарды, мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына және жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің үлесін кейіннен сатып алу құқығымен, кейіннен сатып алу құқығынсыз, сенімгерлікпен басқаруға беру;

30) жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға облыстық коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен, кейіннен сатып алу құқығынсыз немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру;

31) мемлекеттік мекемелердің облыстық коммуналдық мүлкін есептен шығару бойынша мәселелерді келісу;

32) сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

33) облыс әкімдігіне тиесілі акциялар дивидендтерінiң уақытылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталдағы қатысу үлесі облыс әкімдігіне тиесілі таза табыстың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысушылары арасында бөлінуіне бақылауды жүзеге асыру;

34) мемлекеттік қаржылық бақылау органына және облыстың тексеру комиссиясына бюджеттiң атқарылуы бойынша орталық уәкiлеттi органға есепті қаржы жылында жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi жасап, тапсыру;

35) мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің жиынтық жоспары және облыстық бюджет бойынша төлемдер бойынша қаржыландыруды жасау, бекіту және жүргізу;

36) жылдық сомаларды қоса алғанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

37) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алынған ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының атқарылуы туралы демеушіліктен, облыстық бюджет бойынша қайырымдылық көмектен түсімдер мен түсімдердің жұмсалуы туралы есепті жасау;

38) облыстық бюджеттің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептерін жасау;

39) облыс әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулы жобасына қорытынды дайындау;

40) мемлекеттiк мекемелердiң жеке қаржыландыру жоспарларыныңқаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкестiкке бақылауды жүзеге асыру;

41) мемлекеттік мекемелермен ұсынылған мiндеттемелерi және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын, қаржыландыру мен кірістің жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, қаржыландырудың жеке жоспарына өзгеріс енгізу анықтамаларын, қаржыландыру және кіріс бойынша жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджеттік заңнамаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру;

42) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкімшіліктерінің және қалалар мен аудандар әкiмдіктерiнiң бюджеттік қаражат бойынша ақылы қызметтердің қолма-қол, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастырудың бақылау шоттары және шетелдік валюта шоттары бойынша қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы тоқсандық және жылдық есептерді қабылдауды және тексеруді жүзеге асыру;

43) облыстық бюджеттi (түзетуге) нақтылау бойынша ұсыныс енгiзу;

44) бюджеттi атқару кезінде бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуына бағалау жүргiзу;

45) бюджеттік қаражатты басқару бойынша жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу;

46) бюджеттік несиені республикалық бюджет пен жергілікті бюджет есебінен береді, қызмет көрсетедi, оларды есепке алуды, мониторинг және қайтаруды қамтамасыз ету;

47) бюджеттiк мониторингті жүзеге асыру;

48) мемлекеттік мекемелердің өз қарауына қалған тауарды (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен ақшаның қалыптасуы мен жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру;

49) облыстық мемлекеттiк ұйымдармен мемлекеттiк сатып алуларындағы қазақстандық қамтудың мониторингін жүргізу;

50) коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілері бойынша концессия, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының жобаларын келісу;

51) коммуналдық меншiкке жататын және тізілімде қаралған концессия обьектілеріне қатысты конкурс ұйымдастыру;

52) мемлекеттік-жекешілік әріптестік, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің мемлекеттік міндеттемелерінің мониторингін жүзеге асыру;

53) мемлекеттік-жекешілік әріптестік, концессиялықшарттары негізінде жасалған объектілерді облыстық коммуналдық меншікке қабылдау;

54) жасасылған жергілікі мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік шарттарының тізілімін жүргізу;

55) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді тіркеу және есепке алу;

56) облыстық коммуналдық мүліктің мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;

57) Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасының сақталуы бойынша iшкi қаржы бақылауын жүзеге асыру;

58) мемлекеттік органның есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;

59) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;

60) бақылау объектілеріне жіберілетін ұсынымдардың және бақылау нәтижелері қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын

бақылауды жүзеге асыру;

61) бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бақылау объектілерінен сұрату және өзі белгілеген мерзімінде алу;

62) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектілерінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамасымен танысу;

63) кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру;

64) жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы) болу;

65) өз ведомствосына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бөлігін аудару нормативін мемлекеттік органдармен келісу;

66) облыстың коммуналдық мүлкін басқару және бюджетті орындаумәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

67) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесін цифрландыру бойынша тиісті шараларды қабылдау;

68) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге деөкілеттіктерді жүзеге асыру.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте, мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, олардың лауазымдытұлғаларынан ақпарат сұратуға жәнеалуға;

2) салық органдарынан облыс бюджетінің, оның ішінде қалалар мен аудандар бюджеттері салықтарының және басқа да міндетті төлемдерінің сомаларытуралыҚазақстан Республикасының Қаржы министрлігібелгілеген нысанда және мерзімде есептерін, барлық мемлекеттік заңды тұлғалардан бухгалтерлік баланстарын және салық салу объектілері мен құрамы, қаржы шаруашылық қызметі, бюджеттің орындалуын ұйымдастыру үшін, сондай-ақ «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген және құзыретіне кіретін басқа да функцияларды орындау үшін қажетті статистикалық және өзге де материалдарды алуға;

3) төментұрғанқаржылықоргандардыңорындауыүшінміндеттіөз құзыретінің шегіндегі құқықтық актілерді шығаруға;

4) облыстың бюджеттік мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп және есеп беру бойынша әдістемелік басшылық етуді жүзеге асыруға;

5) қаржылық тәртіптің сақталуында және өз құзыретінің өзге де

мәселелерінде бұзушылықтар анықталған жағдайларда, тиісті органдарға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарға, оралымды басқару және шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттіккәсіпорындарға және облыстық коммуналдық меншік акцияларының мемлекеттік пакеті мен мемлекеттік қатысу үлестері бар заңды тұлғаларға тексеру жүргізу туралы ұсыныстар енгізуге;

6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінде, оралымды басқару және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда, облыстың коммуналдық меншіктің мемлекеттік қатысу үлесі мен акциялардың мемлекеттік пакеттері бар заңды тұлғаларда бақылау жүргізу актілерін, осыны жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардан сұратуға;

7) өз құзыретінің шегінде жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесібар мемлекеттік емес заңды тұлғалар органдарының қарауына, олардың лауазымдық тұлғаларының кандидатураларын енгізуге;

8) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

9) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

10) заңды және жеке тұлғалар бұл туралы ресми сұратқан жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпарат беруге;

11) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге;

12) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

3-тарау .«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

17. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

18. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

20. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) өз орынбасарларының, бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

2) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіпте «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және көтермелеу шараларын қолданады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұйрықтар шығарады;

5) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

6) барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы»мемлекеттік мекемесініңмүддесін білдіреді;

7) қалалық және аудандық қаржы бөлімдерінің басшысы лауазымына орналасу жөніндегі конкурстар жүргізілген кезде, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің конкурстық комиссияларының жұмысына қатысуға құқылы;

8) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;

9) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

21.«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамағасәйкес белгілейді.

4-тарау. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің мүлкі

23. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау . «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.