Іздеу
Версия для слабовидящих
Кері байланыс

Нормативные документы


Жоба

«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

2. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.Б. Әлібекова) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының қаржы

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы

_______________ М.Б. Әлібекова

«____» _____________ 2016 ж.

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2016 жылғы «___ »________

№ ____ қаулысымен бекітілген

«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы»

мемлекеттiк мeкeмeci туралы

Е Р Е Ж Е

1. Жалпы ережелер

1. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстың коммуналдық мүлкін басқару және бюджетті орындау, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепті және есеп беруді жүргізу саласында функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, облыстық коммуналдық меншік және бюджеттік қатынастар мәселелері бойынша өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй.

9. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Управление финансов Мангистауской области».

10. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.

11. Осы Ереже «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

14. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. Маңғыстау облысының қаржы басқармасының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

15. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы қаржы және облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

16. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері бюджеттік саясатты іске асыруға, бухгалтерлік есепті, мемлекеттік қаржының бухгалтерлік есебін орындау, жүргізу, жергілікті бюджеттің және өз құзыретінің шегінде, аудандар мен қалалар бюджеттерінің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті жасау, салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік несиелеу саласында мемлекеттік реттеу, мемлекет мүддесінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару болып табылады.

17. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамамен белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) бюджеттің атқарылуы, қаржылық және бюджеттік есептілік, облыстық коммуналдық мүлікті басқару, мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырады және жүзеге асырады;

2) жергілікті бюджеттің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік саласындағы әдіснамалық басшылықты жасайды және деңгейаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

3) жергілікті бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады;

4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге ақылы қызметтер, демеушiлік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыруына қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын ашу үшiн, қазынашылықтың аумақтық бөлiмшелеріне қолма-қол ақшаның бақылау

шоттарын ашуға өтінім береді;

5) жоғарғы тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджеттік түсімдер сыныптамасының тиiстi коды арқылы жоғарғы тұрған бюджет резервінен алған пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды жүзеге асырады;

6) жергiлiктi атқарушы органның мақсатқа сай емес пайдаланған бюджеттiк несие және/немесе бюджеттiк несие сомасы бойынша берешек сомасын өндіріп алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;

7) өз құзыретінің шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

8) аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында, облыстық маңызы бар аудандар, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, олардың құзыретіне кіретін мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді;

9) облыстық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады;

10) облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендiру бойынша сауда-саттық өткiзу туралы хабарды жариялау үшiн мерзімді баспа басылымын анықтау бойынша «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурс өткiзеді;

11) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату, сондай-ақ акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару мәселелеріне келісім береді;

12) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, келіседі;

13) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

14) облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;

15) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін құруына келісім береді;

16) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге беруді қамтамасыз ету мәселелерін келісу;

17) акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттерін және жарғылық капиталында тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органның қатысуы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді иелену және пайдалану құқығын беру мәселелерін келіседі;

18) акционерлік қоғамның акцияларын және жарғылық капиталында

мемлекеттің қатысуы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлесін облыстық коммуналдық меншік құрамына сатып алу бойынша жұмыс жүргізеді;

19) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-шы бабымен қаралған жағдайлар мен тәртіпте облыстық коммуналдық мүлікті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлік деңгейіне беру бойынша жұмыс жүргізеді;

20) тарих және мәдениет ескерткіштерін меншік иесінен алып қою туралы талап-арызбен сотқа жүгіну бойынша жұмыстарды жүргізеді;

21) облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы келіседі;

22) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-тарауында белгіленген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау бойынша мәселелерді келіседі;

23) облыстық коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;

24) облыстық коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

25) облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру үдерісін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

26) облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға, кейіннен сатып алу құқығымен, кейіннен сатып алу құқығынсыз немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;

27) мемлекеттік мекемелердің облыстық коммуналдық мүлкін есептен шығару бойынша мәселелерді келіседі;

28) сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

29) облыс әкімдігіне тиесілі акциялар дивидендтерінiң уақытылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталдағы қатысу үлесі облыс әкімдігіне тиесілі таза табыстың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысушылары арасында бөлінуіне бақылауды жүзеге асырады;

30) мемлекеттік қаржылық бақылау органына және ішкі мемлекеттік аудит бойынша уәкілетті органға, бюджеттiң атқарылуы бойынша орталық уәкiлеттi органға есепті қаржы жылында жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi жасап, тапсырады;

31) мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын,

түсімдердің жиынтық жоспары және облыстық бюджет бойынша төлемдер бойынша қаржыландыруды жасайды, бекітеді және жүргізеді;

32) жылдық сомаларды қоса алғанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

33) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алынған ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының атқарылуы туралы демеушіліктен, облыстық бюджет бойынша қайырымдылық көмектен түсімдер мен түсімдердің жұмсалуы туралы есепті жасайды;

34) облыстық бюджеттің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептерін жасайды;

35) облыс әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулы жобасына қорытынды дайындайды;

36) мемлекеттiк мекемелердiң жеке қаржыландыру жоспарларының қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкестiкке бақылауды жүзеге асырады;

37) мемлекеттік мекемелермен ұсынылған мiндеттемелерi және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын, қаржыландыру мен кірістің жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, қаржыландырудың жеке жоспарына өзгеріс енгізу анықтамаларын, қаржыландыру және кіріс бойынша жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджеттік заңнамаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;

38) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкімшіліктерінің және қалалар мен аудандар әкiмдіктерiнiң бюджеттік қаражат бойынша ақылы қызметтердің қолма-қол, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастырудың бақылау шоттары және шетелдік валюта шоттары бойынша қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы тоқсандық және жылдық есептерді қабылдауды және тексеруді жүзеге асырады;

39) облыстық бюджеттi нақтылау бойынша ұсыныс енгiзеді;

40) бюджеттi атқару кезінде бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуына бағалау жүргiзеді;

41) бюджеттік қаражатты басқару бойынша жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізеді;

42) бюджеттік несиені республикалық бюджет пен жергілікті бюджет есебінен береді, қызмет көрсетедi, оларды есепке алуды, мониторинг және қайтаруды қамтамасыз етеді;

43) бюджеттiк мониторингті жүзеге асырады;

44) мемлекеттік мекемелердің өз қарауына қалған тауарды (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен ақшаның қалыптасуы мен жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;

45) облыстық мемлекеттiк ұйымдармен мемлекеттiк сатып алуларындағы

қазақстандық қамтудың мониторингін жүргізеді;

46) коммуналдық меншiкке жататын және тізілімде қаралған концессия обьектілері бойынша концессия шарттарын келіседі;

47) өз құзыреті шегінде коммуналдық меншікте тұрған концессия обьектілері бойынша концессия шарттарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

48) өз құзыреті шегінде коммуналдық меншікте тұрған концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуына мониторингті жүзеге асырады;

49) концессиялық шарттардың негізінде құрылған обьектілерді облыстық коммуналдық меншікке қабылдайды;

50) коммуналдық меншікке жататын концессиялық обьектілер бойынша жасалынған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;

51) облыстық коммуналдық мүліктің мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

52) мемлекеттік органның стратегиялық және жедел жоспарларын, нәтижелер бағаланын іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;

53) мемлекеттік органның есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;

54) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;

55) бақылау объектілеріне жіберілетін ұсынымдардың және бақылау нәтижелері қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын

бақылауды жүзеге асырады;

56) бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бақылау объектілерінен сұратады және өзі белгілеген мерзімінде алады;

57) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектілерінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамасымен танысады;

58) кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастырады;

59) аудандық коммуналдық мүлік объектілерінің тізбесіне енгізілген аудандық коммуналдық мүліктерді жекешелендіру бойынша алдын ала келісуді жүргізеді;

60) жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы) болады;

61) өз ведомствосына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бөлігін аудару нормативін мемлекеттік органдармен келіседі;

62) облыстың коммуналдық мүлкін басқару және бюджетті орындау мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

63) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

18. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне жүктелген міндеттерін іске асыру және өз функциясын жүзеге асыру кезінде белгіленген тәртіпте мынадай құқықтары бар:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте, мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан ақпарат сұратуға және алуға;

2) салық органдарынан облыс бюджетінің, оның ішінде қалалар мен аудандар бюджеттері салықтарының және басқа да міндетті төлемдерінің сомалары туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген нысанда және мерзімде есептерін, барлық мемлекеттік заңды тұлғалардан бухгалтерлік баланстарын және салық салу объектілері мен құрамы, қаржы шаруашылық қызметі, бюджеттің орындалуын ұйымдастыру үшін, сондай-ақ «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген және құзыретіне кіретін басқа да функцияларды орындау үшін қажетті статистикалық және өзге де материалдарды алуға;

3) төмен тұрған қаржылық органдардың орындауы үшін міндетті өз құзыретінің шегіндегі құқықтық актілерді шығаруға;

4) облыстың бюджеттік мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп және есеп беру бойынша әдістемелік басшылық етуді жүзеге асыруға;

5) қаржылық тәртіптің сақталуында және өз құзыретінің өзге де

мәселелерінде бұзушылықтар анықталған жағдайларда, тиісті органдарға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарға, оралымды басқару және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға және облыстық коммуналдық меншік акцияларының мемлекеттік пакеті мен мемлекеттік қатысу үлестері бар заңды тұлғаларға тексеру жүргізу туралы ұсыныстар енгізуге;

6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінде, оралымды басқару және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда, облыстың коммуналдық меншіктің мемлекеттік қатысу үлесі мен акциялардың мемлекеттік пакеттері бар заңды тұлғаларда бақылау жүргізу актілерін, осыны жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардан сұратуға;

7) өз құзыретінің шегінде жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар мемлекеттік емес заңды тұлғалар органдарының қарауына, олардың лауазымдық тұлғаларының кандидатураларын енгізуге;

8) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

19. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

2) заңды және жеке тұлғалар бұл туралы ресми сұратқан жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпарат беруге;

3) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге;

4) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

3. Маңғыстау облысының қаржы басқармасының қызметін ұйымдастыру

20. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

21. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы облыс әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

22. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

23. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) өз орынбасарларының, бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

2) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіпте «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және көтермелеу шараларын қолданады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұйрықтар шығарады;

5) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

6) барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

7) қалалық және аудандық қаржы бөлімдерінің басшысы лауазымына орналасу жөніндегі конкурстар жүргізілген кезде, қалалар мен аудандар

әкімдіктерінің конкурстық комиссияларының жұмысына қатысуға құқылы;

8) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік

мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;

9) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

24. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

25. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Маңғыстау облысының қаржы басқармасының мүлкі

26. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

27. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

28. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

30. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы бойынша жүргізіледі.

31. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. Маңғыстау облысының қаржы басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату

32. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесін

қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімдігімен жүзеге асырылады.