Қазақша Русский      
Управление финансов Мангистауской области Официальный интернет-ресурс
Статьи

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының Маңғыстау облысында іске асырылуы

 

2012 жылы 28-қарашада «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы» қабылданған болатын. Тұжырымдамаға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру кезең-кезеңмен жүзеге аспақ. Нәтижесін көру үшін әлі алдымызда көптеген шаралар ұйымдастыруды талап етеді.

Бірінше кезеңде ауыл, ауылдық әкімдер дербестігін қамтамасыз етудің алғы шарттары болып саналатын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қолма қол ақшаны бақылау шоттары ашылып, ЖӨБ органдарының құзіреттеріне берілген салық түрлері бойынша түсім түсірілуде.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтары жағдайына Маңғыстау облысы бойынша 47 ЖӨБ органдарында қолма қол ақшаны бақылау шоттарына млн.теңге қаржы түсіріліп, жергілікті маңыздағы әр түрлі мәселелерді шешуге бағытталуда.

ЖӨБ органдары мамандарының кәсіби деңгейлерін арттыру және қолдау көрсету мақсатында, жергілікті мамандармен кездесу, білікті мамандарды тарту арқылы оқу семинарлар ұйымдастырылып отыр.

2016 жылдың 23-27 сәуірі аралығында облыс әкімінің орынбасары Ш.Илмұханбетованың басшылығамен Мұнайлы, Қарақия, Бейнеу аудандарына шығу арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдерімен кездесі өткізілді.

А.ж мамыр айының 28-29 күндері «Зерде» оқу орталығының мамандарының қатысуымен «Ауыл, ауылдық округтер өзін-өзі басқару  жұмыстарындағы негізгі бағыттар» тақырыбында семинар өткізілді. Аталған семинарға облыстық барлық ауыл, ауылдық округтері әкімдері, жауапты мамандары және аудандық экономика және қаржы бөлімінің мамандары қатысты. Семинарда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының түсімдер мен шығындар бойынша жоспарларының жасақталу, бекіту, жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын өткізу тәртібі және әкімшілік-құқық бұзушылық бойынша айыппұл салу тетіктеріне егжей-текжейлі түсінік берілді.

                          

Руководитель управления
Альбекова Марина Борисовна

Государственные символы

Государственный Флаг Республики Казахстан
Государственный Герб Республики Казахстан
Государственный Гимн Республики Казахстан

Кабинет пользователя