Іздеу
Версия для слабовидящих
Телефон доверия:
8(7292) 43 81 16

Құқықтық жаппай оқыту — декларация тапсыру тәртiбi


Құқықтық жаппай оқыту — декларация тапсыру тәртiбi

2017 жылғы 05 сәуірінде «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» ММ басқарма басшысы М.Б. Альбекованың төрағалығымен «Мемлекеттiк кiрiстер органына кiрiстер туралы декларация тапсыру тәртiбi» атты тақырыпта семинар-кеңес өткiзiлдi. Құқықтық-ұйымдастыру бөлімі басшысының м.а. – А.Б. Мұқаш мемлекеттiк қызметке қабылдаудың мiндеттi шарттарының бiрi — азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кiрiстер органына кiрiстерi және оларға меншiк құқығында тиесiлi мүлкi туралы декларация тапсыруы жөнiнде түсiндiрдi. Мемлекеттiк қызметке қабылданғаннан кейiн мемлекеттiк қызметшi жыл сайын 31 наурызға дейiн жұмыс орнындағы персоналды басқару қызметiне декларация тапсыру туралы анықтаманы ұсынуға мiндеттi.