Іздеу
Версия для слабовидящих
Кері байланыс
Телефон доверия:
8(7292) 43 81 16

Маңғыстау облысы бойынша Жекешелендірудің кешенді жоспарының жүзеге асырылу нәтижелері туралы


2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына енгізілген объектілер бойынша кестені жүзеге асырудың орындалуына мониторингін іске асыру жөнінде Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау мақсатында, Маңғыстау облысы бойынша 10 облыстық коммуналдық меншік ұйымдары (6-дене шынықтыру және спорт саласында, 3-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары саласында, 1-ауыл шаруашылығы саласында) және                   2 "Каспий "ӘКК "ҰК" АҚ-ның еншілес ұйымдарынан тұратын жаңа сату кестесі жасақталып, бекітілді.

Осымен бірге әрбір жекешелендіру объектісі бойынша Жол карталары жасақталып, онда жоспарланған іс-шаралар, жауапты қызметтік тұлғаларды бекіту арқылы олардың орындалу мерзімі туралы мәліметтері көрсетілген.

 

Бүгінгі күні мемлекеттік мүлік реестірінің веб-порталында «Жекешелендірудің екінші кезеңінің нысандары» электрондық ақпараттық ресурсы іске асырылып, әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сату кестесі, Жол карталары бойынша ұйымдардың қызмет түрлері және қаржылық көрсеткіштері туралы мәліметтерін көрсете отырып, өз кезегінде аталған объектілер бойынша отандық және шетелдік инвесторларды ақпараттандыруға мүмкіндік береді.