Іздеу
Версия для слабовидящих
Кері байланыс

«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» ММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру


Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ

біліктілік талаптары:

D-О-4 санаты үшін:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

min

max

D-О-4

83 232

112 430

«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, 1 үй, 220 кабинет, анықтама үшін телефондар: 8(7292) 31-44-21, факс 8(7292) 43-81-16, (электрондық почта: a.mukash@mangystau.gov.kz) Сайт: www.fin.mangystau.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Заңды тұлғалармен жұмыс жасау бөлімінің заңды тұлғалардың ҚШҚ мониторингісі бойынша бас маманы, D-O- 4 санаты, 2 бірлік

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерін тапсыруын қамтамасыз ету, оның мониторингін жүргізу, кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар жасақтау. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне, облыс әкімдігіне жиынтық ақпараттар мен есептерді уақтылы және сапалы тапсыру бойынша жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру. Мемлекеттік заңды тұлғалардың бөлім қызметінің функционалдық бағыттарының мәселелері бойынша қажетті материалдарды тапсыруының сапасы мен мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру.

Жарғылық капиталында мемлекет қатысуы бар АҚ, ЖШС қызметтерін бақылау және мониторинг жасау. АҚ, ЖШС қызметінде мемлекеттік қатысу үлесін қорғау. Олардың қаржы-шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар жасақтау және шаралар қолдану. Акциялардың мемлекеттік пакетіне және таза табыс үлесіне дивидендтердің уақтылы есептелуін және аударылуын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары - құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, есеп және аудит, қаржы).

2. Бюджеттік бөлімнің денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдарына жетекшілік ететін бас маманы D -0-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Облыс бюджетінің денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлігінде орындалысына байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету. «Қаржыландыру жоспарларын құру және нақтылау. Жергілікті бюджет» бағдарламасына денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету мемлекеттік мекемелерінің жеке қаржыландыру жоспарларын енгізу. Жылдық және айлық тағайындаулардың өзгерістері туралы анықтамалар негізінде бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) кесімінде бюджеттің орындалысы бойынша белгіленген тәртіпте енгізілген өзгерістерді есепке алу. Қарасты ұйымдар бойынша шығыстардың дұрыс және экономикалық негізделген орындалысын қамтамасыз ету. Облыстық бюджеттің және аудандар мен қалалар бюджеттерінің қарасты мекемелер бойынша жүйе, штат және құрамын талдау. Облыстық (аудандық, қалалық) бюджеттердің орындалуы бойынша жылдық, тоқсандық және айлық есептерін тексеру және талдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару).

3. Мүлікті жалға беру және жекешелендіру бөлімінің жекешелендіру мәселесі бойынша бас маманы, D-O-4 санаты, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Сату алдындағы дайындық өткізу бойынша жұмыстарды, оның ішінде жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерін сараптау және бағалау, комуналдық меншік объектілерін жекешелендірудің нақты түрлері мен әдістерін анықтау. Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру, коммуналдық меншік объектілерін сату-сатып алу шарттарына сәйкес сатып алушылардың міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша тексеруді жүзеге асыру, және басқа да шарттық міндеттемелердің орындалуын тексеруді өз құзырының шегінде жүзеге асыру. Облыстың коммуналдық меншік объектілерін сату-сатып алу шарттарының орындалуын және коммуналдық меншікті жекешелендіруден қаражаттың түсуін қадағалауды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары - құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару)

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзімі жеті жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысының қаржы басқармасында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сондай-ақ Маңғыстау облысының қаржы басқармасы басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.