Іздеу
Версия для слабовидящих
Телефон доверия:
8(7292) 43 81 16

ҚР МҚІСЖҚА әлеуметтік желілерде «Сұрақ-жауап» бейнеайдарын іске қосты


ҚР МҚІСЖҚА әлеуметтік желілерде «Сұрақ-жауап» бейнеайдарын іске қосты

Бүгінгі күні әлеуметтік желі – Мемлекет басшысы назар салған, қоғаммен байланыстың маңызды арнасы.

Азаматтардың нақты проблемаларын қадағалау, ашықтықты және клиентке бағдарлануды қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әлеуметтік желілерде белсенді ақпараттық жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі күні мемлекеттік органның ресми парақшалары мен интернет-ресурстарымен бірге Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев, құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің басшыларының Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшалары бар. Осылайша, азаматтарға ұсыныстар мен өтініштер үшін тікелей қол жетімділік ұсынылған.

Мемлекет пен қоғам арасындағы қашықтықты азайту, сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне жауап беру үшін Агенттік «Facebook» әлеуметтік желесінде және «Youtube» бейнехостингінде «Сұрақ-Жауап» бейнеайдарын іске қосты.

Бұл бейнеайдар екі аптада бір рет жарияланып, азаматтардан түскен сұраққа толық жауапты қамтиды.

Еске салсақ, 2017 жылдың соңындаАгенттік төрағасы Алик Шпекбаев Facebook әлеуметтік желісінде өзінің жеке парақшасын және азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары қабылдау үшін alik.shpekbayev@gmail.com жеке поштасын ашқан болатын.