Іздеу
Версия для слабовидящих
Кері байланыс

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп негіздерін сақтауы жөніндегі міндеттеме ДЕКЛАРАЦИЯСЫ


Мен, ___________________________________________________________ мемлекеттік қызметші бола тұра, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын сақтауға міндетіме ала отырып, әдеп құқық бұзушылықтарына жол бермеуге тырысамын.

Халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларын болдырмау мақсатында Өзімнің тарапынан:

1) Адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;

2) Өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;

3) Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға;

4) Жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;

5) Басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға;

6) Өзімнің мінез-құлқыммен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуға;

7) Іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға міндетіме аламын.

Осы Декларацияда көзделген талаптарды бұзуға жол берсем, Мен мемлекеттік қызмет заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылуға дайынмын.

Қолы____________

Күні____________